Ninety One-ның дауы әлі басылмаған сыңайлы. Әншілер осы топпен бір сахнаға шықпаймыз деп отыр.
Бұл туралы жоба продюсері Жан Мұқанов Muzzone арнасына берген сұхбатына айтты.
“Жыл таңдауы” атты үлкен шараға кей әншілер қатысудан бас тартқан екен.
“Бұл үлкен фестиваль. Мағынасы, ең маңыздысы – ән. Хит әндерді әншілер жанды дауыста айтады. Он бірдей жүргізушісіміз болады”, – деп аталмыш шараның маңыздылығын жеткізген продюсер, кей әншілердің бас тартып жатқандығын да жеткізді.
“Бірнеше әртіс бар. Осы әртіс қосылды, мен қатыспаймын деп кетіп қалғандар бар. Әйгілі, мықты әншілердің бірі. Мен бұл дұрыс емес деп ойлаймын. Шашын бояды, сырға тағып жатыр деп сынап жатыр. Дұрыс қой, қазақпыз. Бірақ бұл жерде олар – әртіс, әртістердің өз образы бар. Нақты кім екенін айтпай-ақ қояйын, сахнаға шықпай қалатын әртістер бар”, – деді Жан Мұқанов.