Нұр-Сұлтан
Қазір
0
Ертең
2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

“Ол кісі біледі…”. Киелі Самарқанда сұмдық жағдай болды (видео)

Алайда мына видеоға қарап бұл ақпараттың жалған екенін түсініп отырмыз. Кәрімовтің тұсындағы темірдей тәртіп орнаған Өзбекстанда да өріп жүр екен жеңіл жүрісті қыздар…

Полицейлер жүргізген мына рейді киелі Самарқанда болған екен.

https://kaz.365info.kz/myzhgyzam-akimnin-tokhaly-bolam-dep-zar-ilegen-khyzdyn-kim-ekeni-belgili-boldy-video-320436

Жезөкшені эфирге шығарған жөн бе осы?

Жоғарыдағы видеоға қарап біздегі жағдайға назар аудардық.

Біздің елімізде жезөкшедер эфирде жүреді. 

https://kaz.365info.kz/almatyda-bir-khazakh-zhezokshelermen-demalyp-750-myn-tenge-zhymsapty-269792

Ләйлә Сұлтанқызы жүргізетін бағдарламалардың дерлігінде міндетті түрде бір жезөкшеге орын беріледі.

Бұдан бұрын “Әйел бақыты” бағдарламасы Сұлтанқызы 27 жасар жезөкше Эляны шақырған. Әлгі қыздың ағынан жарылып, жүректегі сырын ақтарғанын көрдік. 

Сұлтанқызы:

«Мұндай қадамға не себепті бардың?». 

Жезөкше:

«Өмір…Өмір итермеледі. Атам мен әжемнің қолында өстім.  Атам кішкентай кезімде, әжем 80-ге қараған шағында қайтыс болды. Ол кезде 20-дан жаңа асқанмын. Өстіп жалғыз қалдым. Ал ата-анамның тіпті қайда екендерін де білмеймін. Сенсеңіз, мектепке де жарытып барғам жоқ. Бірге туғандарым бар болса, бар шығар. Бірақ, іздеген емеспін оларды. 

Істемеген жерім жоқ. Қоқыс жинадым, құрылысқа да бардым. Еден де жудым. Кейін әлеуметтік желі арқылы бір қыздармен сөйлестім. Маған айлығы жоғары деп, жұмыс ұсынды. «Табысың көп, көйлегің көк» болады деді. Сендім. Себебі, сол уақытта қатты қиналып жүрдім. Содан бері 5 жыл өткен екен. 5 жыл бойы бөтен еркектерді қанағаттандырып келем. Жезөкшелік жолдамын. Иә, мұным дұрыс емес білем. Бірақ, дәл қазір мұны тастай алмаймын.

Жезөкшелік асырап отыр мені. Қазір жағдайым жақсы. «Клиенттер» таныстар арқылы табады. Оның үстіне басқа жезөкшелер сияқты темекі, араққа әуес емеспін. Иә, көтеріп қалдым. Алайда, ол баланы алдырып тастадым.

Өйткені, кімнен екенін білмеймін. Иә, ешкімге керек емес екенімді де білемін. Бәрінен бұрын асыл әжемді қатты сағынамын”.

https://kaz.365info.kz/molda-nekemizdi-khiyp-sharuasyn-bitirgen-son-meni-talakh-etti-zhezokshenin-zhazbasy-270547

Эля осылайша ағынан жарылыпты. Бағдарламаға сарапшы ретінде қатысты психолог өз кезегінде жезөкшеге жақтасып сөйлескен болатын. 

«Эляның жағдайын жақсы түсініп отырмын. Ол бала кезінде психологиялық жарақат алған. Соның салдарынан өмірінде осындай мәселелер туындады. Ол әлі де болса өз басындағы қиындықтардан қалай шығу керектігін білмейді”, – деген еді Венера Тельжан.

Бәрін қойшы, бағдарламаға жезөкшені шақырған дұрыс па осы? Оның өмірінен кім, қандай үлгі алады? Оның сөзі кімге сабақ болады? Бес жыл бойы осы «кәсіптің» соңында жүрген жезөкше енді тура жолға түспесі белгілі ғой? Бұған Ләйлә Сұлтанқызы не дер екен? 

https://kaz.365info.kz/bir-bolmege-kirgizipti-alyp-khashudyn-arty-tragediyamen-ayakhtaldy-video-319741

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз