Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
20
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

«Ол кім екен?». Бишімбаев бір бойжеткенге қымбат пәтер сатып әперіпті

Тек, бұған прокурорлар күмән келтіріп отыр. Өйткені, Бишімбаевтың әр тиынын санаған тергеушілер, экс-министрдің тапқан табысынан гөрі, шығыны көп болғанын анықтапты.

Мәселен,

ұсталмай тұрып, экс-министр Астандаға кілең байлар тұратын ауданнан әлдебір бикешке қымбат пәтер сатып әперген.

Сондықтан, экс-министрдің сауна мен элиталық баспанаға ақшаны қайдан алғаны қызықтырып отыр. Алайда, бұл сұрақ Бишімбаевтың тағы шамына тиді.

Мемлекеттік айыптаушы:

Іс материалдары бойынша, «СамұрықҚазынадан» бонус ретінде «Бәйтерекке» 420 мың доллар түсті. Оның 200 мың доллары Алибаева дейтін әйелге Астанадағы «Милан кварталынан» пәтер сатып алуға жұмсалған. Қалған ақша 2016 жылы шоттан алынған. Сонда сіз монша құрылысына қай ақшаны аудардыңыз?

Қуандық Бишімбаев:

Айыптаушы тарап маған күйе жағуда. Енді осындай жаңа айыптар табыла бастады. Мұның іске еш қатысы жоқ қой, мемлекеттік айыптаушы айтып отырған нәрселер менің аузымнан ешқашан шыққан емес. Мұны білгіңіз келсе, жеке кездесіп, сөйлесейік. Айтып беремін.

Фото: КТК сюжетінен скриншот

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз