Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

“Ол емес, Баян масқара болды”. Танымал заңгер жезөкшелерге қатысты пікірін айтты (видео)

265

https://kaz.365info.kz/zhazasyn-alsyn-bayan-zhezokshelerdi-sabagan-zhan-ahmadievti-maskharalady-video-308107

Әрине, мұндай кезде дуалы ауызды ағалардың сөзі керек-ақ. Сондықтан kaz.365info.kz осы тақырыпта мамандарды сөйлетіп көруге тырысты.

Қазақы қоғамның саяси белсенділігі күшейіп келеді

Дос Көшім

Дос Көшім, саясаттанушы:

– Сейфуллин көшесіндегі жезөкшелерді сабаған жігіттің оқиғасын шулатып, оны даттап-қаралайтындай түк те жоқ. Бұл – акция. Флешмобтың бір түрі.

Ол сол араға біреудің басын жарайын, қанын судай ағызып, өлтірейін деп көзі қанға толып барған базбұзар біреу емес қой. Қолындағысы шын қамшы да емес екен. Демек, жәй әшейін бір көрініс. Сол көрініс арқылы ол жезөкшелердің көбейіп, онда да от түтетіп, бала туып, ұлт санын көбейтуі тиіс қаракөз қыздардың осындай ұлтқа жат жолға жаппай түсіп жатқанына қоғамның, биліктің көңілін аударту.

Міне, осы негізгі мақсатты желідегілердің көбісі түсінбей, бұл әйелдерді сабауды насихаттау деп теріс ойға келуде.

Заңсыздықтар, шектен шығу көбейген сайын, меніңше мұндай акциялар көбейе береді. Ол дұрыс та. Азаматтық қоғам болған соң әр адам осылай өзінің азаматтық позициясын білдіруі тиіс. Әрине, қазақы қоғамның саяси белсенділігі артып келеді. Міне, бұл біреулерге ұнамауы мүмкін енді.

https://kaz.365info.kz/alin-khatyndarga-gana-kele-me-zhezokshelerdi-sabagan-zhan-ahmadievtin-maskharasy-shykhty-307859

Сондай-ақ Дос Көшім 90-жылдарғы тоқырау кезеңде жезөкшелер көбейіп, Саин көшесі қызға толғанда ауған соғысына қатысып келген жігіттер олардың тізгінін тартқызған кезі болғанын айтады. Сондықтан ол мұндай акциялардың ел болған соң орын алуы заңды деп санайды.

Заңгер болсам да мен қазіргі заң емес, ұлттық тәрбие жағындамын

Заңгер Абзал Құспан Жан Ахмадиев бұл әрекеті үшін кем дегенде үлкен айыппұлға ілініп кетуі мүмкін екенін айтады.

Абзал Құспан, заңгер:

Абзал Құспан

– Әңгімені әріден бастасам ба деймін. Бізде заң деген бар, одан соң құқық деген бар. Заң дегеніміз тәржірибе де, құқық деген теория. Міне, бұл арадағы құқық ұлттық салт-дәстүрдің қайнар көзі болуы тиіс. Бірақ бізде олай емес. Біздегінің бәрі көшірме заңдар. Одан ұлттық мүдденің иісі де шықпайды.

Сондықтан қолданыстағы заң бойынша Жанды еш ақтай алмаймыз. Арыз түспесе де бұл қоғам алдындағы жағдай болған соң жария айыптау тұрғысында оның ісі қаралып, кем дегенде оған айыппұл салынады.

Ал, жалпы осы қоғамның бір мүшесі ретінде мен ол жігіттің бұл қылығын қолдаймын. Жаманға тәйт дейтін бір қазақ болуы тиіс. Қазір бәрі бетімен кетті. Әй дейтін әже, қой дейтін қожа жоқ. Баладан бастап үлкенге дейін бүлінді.

Ұлттық тәрбие, шек пен шекара дегенді де ұмыта бастадық. Бұл дұрыс емес қой, қалай бұған ішіңіз ашымайды? Жанның әрекетін қолдағандардың да ішкі запыраны осы!

https://kaz.365info.kz/sen-kimsin-sonsha-zhezokshelerdi-sabagan-zhan-ahmadiev-bayan-alagozovaga-zhauap-berdi-308194

Ол жігіт Сейфуллин көшесіне барғандағы мақсаты жезөкшелерді сабау емес, елдің назарын осы мәселеге аударту болғаны бесенеден белгілі. Осылайша ол өзінің азаматтық позициясын білдіріп, осы мәселені ортаның талқысына алып шықты. Бірақ адамдар жезөкшелердің мәселесін талқылағанның орнына тіпті басқа жаққа лағып кетті. Әрине, осы арасы өкінішті. Алайда бұл біз үшін сабақ, бәріміз бастан өткеннен сабақ аламыз, жөні ашып айтылған соң желідегі қауым да келесі жолы мәселеге ең бірінші қай тұрғыдан келуі керек екенін енді білетін болады.

https://kaz.365info.kz/yyatsyzdar-zhan-ahmadiev-almatydagy-zhezokshelerdi-khamshymen-sabady-video-307787

Заңгер Жанға қатысты оқиғаның өзі ондаған жылдар бойына қозғап келе жатқан біздегі көшірме заңдардың өзекті мәселесінің бетін ашып бергенін айтады.

Абзал Құспан Қазақстан заңдарын көптеген дамыған Азия елдеріндегідей ұлттық мәдениет пен менталитетке сай біріздендіретін уақыт жетті деп санайды.

https://www.youtube.com/watch?v=BmIMOdxGbVY

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз