Нұр-Сұлтан
Қазір
17
Ертең
18
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

“Ол диктатор болады”. Сарапшы Мирзияевтың түпкі мақсатын айтып қойды

222

Шавкат Мирзияев

Тым қатты сенбейік…

Мирзияевтың реформаторлық жігері негізінен өзбек экономикасын жандандыруға бағытталып отыр.

https://kaz.365info.kz/mirziyaev-kelgeli-ozbekstandagy-khazakhtar-ana-tilinen-nege-bas-tartty-306538

Публицист Уильям Першинг Мирзияев бастамаларының ішінен ең маңыздысы ретінде валюта реформасын атады. Одан кейін президент көршілес Тәжікстанмен арадағы қарым-қатынасты жақсартуға ден қойды, бұл, өз кезегінде, екі ел арасындағы сауда-саттықты жақсартуға септігін тигізеді. Сондай-ақ Мирзияев Өзбекстанның Ұлттық қауіпсіздік қызметінің құзыретін шектеді. Сөйтіп, осы қызметке ұзақ жылдар бойы жетекшілік еткен Рустам Иноятовты қызметінен кетіріп, кейбір саяси тұтқындарды бостандыққа шығарды.

Рустам Иноятов

Глазго университетінде «Орталық Азияны зерттеу» пәнін жүргізетін Лука Анчеши, Колумбия университеті жанындағы Гарриман институтында дәріс оқу барысында Өзбекстандағы саяси жүйенің жұмсартылатынына үміт артқандарды сабыр сақтауға шақырды, өйткені олардың үміті ақталмай, түңіліске ұшырауы әбден мүмкін.

https://kaz.365info.kz/merzim-bitti-kharakhalpakhtar-mirziyoevtyn-mazasyn-alyp-zhatkhany-ras-pa-281943

2006 жылы Түркіменстанда аяқ астынан Сапармұрат Ниязов қазаға ұшырағанда көпшілік үлкен саяси өзгерістер орын алады деп үміттенген еді. Алғашында Гурбангулы Бердымұхамедов та елдегі білім беру және денсаулық қорғау салаларының жұмысын жетілдіруге ниет білдірген. Түркіменстадағы саяси жүйенің жұмсаратынына үміт берген еді.

Гурбангулы Бердымұхамедов

Алайда аздаған алдамшы өзгерістерден басқа Бердымұхамедов ел тізгінін ұстағаннан бері Түркіменстанның авторитарлық жүйесі ешқандай өзгеріске ұшыраған жоқ. Қазір ол ел басқаруда көп ретте өзінің алдында болған президенттің әдісін жалғастыруда.

Екі жеп биге шықпақ ма?

Ел экономикасын тиімді әрі әлемдік сауда-саттықпен тығыз байланыстыруға ұмтылған Мирзияев экономика саласын реформалауға жан-тәнімен дайын. Алайда Анчеши Өзбекстанның авторитарлық жүйесін өзгерту, яғни жұмсарту оның жоспарында жоқ деген пікірде.

https://kaz.365info.kz/tyndamaj-zhatyr-eken-mirziyaevtyn-tagdyry-ne-bolmakh-302586

Анчешидің айтуынша,

Иноятовты ұлттық қауіпсіздік қызметі төрағасы лауазымынан босату саяси жеңілдіктер жасауға бағытталған елеулі қадам емес, элитаның бірігуінің көрінісі.

2007 жылы президент күзетінің басшысы Ақмұрат Реджеповты темір тордың артына тоғытқанда Бердымұхамедов осындай әдіспен өзінің Түркіменстандағы билігін нығайтып, күшейтті.

https://kaz.365info.kz/garysh-salasyndagy-baseke-mirziyoev-baskhargan-ozbekistan-khazakhstandy-basyp-oza-ma-302377

Бұл екі қадам да жаңа басшыларға өз биліктерін нығайтып, бұрынғы басшыларды тұғырынан тайдыруға, олардың авторитарлық мұрасын жоюға бағытталған, дейді Анчеши.

Өзбекстанның жаңа президентінің түпкі мақсатына қатысты жауабы жоқ сұрақтардың болғанына қарамастан, оның жүзеге асырып жатқан реформалары көпшіліктің көңілінен шығып жатыр.

https://kaz.365info.kz/karimovtyn-musorysyndar-mirziyaev-ne-byldirip-zhatyr-video-305346

Мәселен, бұл елде болып қайтқан бақылаушылар

халықтың көңіл-күйінің елеулі жақсарғанын, азаматтардың тұрмыс деңгейінің көтерілетініне деген үміттің артқанын алға тартуда.

Аймақтық деңгейде Өзбекстан мен Тәжікстанның жақындасуы көптеген мәселелер бойынша, су пайдалануды қоса алғанда, ынтымақтастықтың жолға қойылатынына деген сенімді нығайта түсті.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз