Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
16
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

“Ол ажырасқан…”. Қара нәсілдіге тұрмысқа шыққан қазақ қызы ағынан жарылды (фото)

244

Фото: NUR.KZ

https://kaz.365info.kz/shetelikke-tiemin-aza-zhigitteri-turaly-ashhy-shyndy-242306

«Феликспен 2016 жылы Дубайда таныстық. Алғашында тек хат алмасып жүргенбіз. Екі айдан кейін ол Қазақстанға қыдырып келді. Мұнда екі апта болып, кетерінде маған ұсыныс жасады.

Кей адамдар Феликс өзіне Қазақстан азаматтығы қажет болған соң үйленді деп ойлайды. Шын мәнінде оған бұл қажет емес. Ол кез-келен елде жұмыс істей алады. 2018 жылы ресми некелескелі бері, тойымызды әлі жасамадық. Әзірге Қазақстанда тұрып жатырмыз. Болашақта басқа елге кетуіміз де мүмкін.

Күйеуім ағылшын тілінен мұғалім болып жүр. Одан бөлек, біз өзіміздің де жеке тіл үйрететін мектебімізді аштық», — дейді Зарина.

https://kaz.365info.kz/khalaj-otkaz-beremin-khytajdan-zhykti-bolgan-baraholkadagy-khazakh-khyzy-293000

 

Фото: NUR.KZ

Әйелдің айтуынша, 34 жастағы Феликс өте мейірімді жан. Ал Заринаның қызын өз баласындай көреді екен. Сондай-ақ оның туыстары да шетелдік азаматпен некесін жылы қабылдапты. Алғашында біраз абдырап қалғанымен, менің шешіміді құптады дейді ол.

«Феликс Екібастұзға барған сайын бешбармақ пен бауырсақ жейді. Ол ұлттық тағамдарымызды өте қатты жақсы көреді.

 

https://kaz.365info.kz/ytaj-a-tigen-yzdardy-ne-isteu-kerek-myna-synys-a-kelisesiz-be-247407

 

Біз көшеде жүрсек, кей адамдар өте жаман сөздер айтып, балағаттап жатады. Біз оларға мән бермеуге тырысамыз. Тіпті, өз таныстарымыздың ішінде де, біздің махаббатымызға күмәнмен қарайтындар бар. Бірақ Феликс мені кез-келген істе үнемі қолдап отырады.

Фото: NUR.KZ

Ол үшін менің үй жинап, тамақ пісіруім маңызды емес. Әйел деген үнемі өзіне қарап, әдемі болып жүруі керек деп жиі айтып отырады. Маған тосынсый жасап қуантқанды ұнатады.

Меніңше, шетелдік азаматпен некені қолдамайтындар — әлемде қазақтан да басқа ұлттар бар екенін мойындағысы келмейтін сияқты. Қазақтың қызы тек қазаққа ғана тұрмысқа шығуы керек деп, жарияға жар салатындарды мүлдем түсінбеймін. Біз барлығымыз адамбыз және ең маңыздысы — біздің ішкі жан дүниеміз»», — дейді әйел.

Фото: NUR.KZ

https://kaz.365info.kz/aza-yzdary-a-sha-shin-b-tyn-ashu-a-dajyn-t-rikter-bizdi-osylaj-mys-yldajdy-229269

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз