Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

“Ол адам емес”. Үш адамды айуандықпен өлтірген Шымкент тұрғынына сот үкімі шықты

Бірнеше рет соққы алған 12 жасар бала осылайша тұншығып көз жұмды. Содан кейін қанішер оның денесін диванның артына жасырып, келесі жәбірленушіні күткен. Қылмыскер Біржановтың анасы мен ағасын да дәл осы мүсінмен өлтірген. Оларды өлтіргеннен кейін қандай да бір себептермен, қылмыс жасаған мүсінді өзімен алып кеткен. Тексеру нәтижесі бойынша үшеуінің де жабық және ашық  бас-ми жарақатынан көз жұмғаны анықталды. Марқұмдардың аса қатігездікпен өлтірілген денесін сол үйдің күйеу баласы тауып алған.

“Ол бастапқыда прокурордың айыптауымен келіспеген. Бірақ кейін судья оның өзі берген жеке куәлігін оқып, әр сөйлемді сұрағанда ол бәрін растады. Ол өз қылмысын жоққа шығаруға тырысып еді, бірақ бұл ойынан ештеңе шықпады. Ал тергеу жүріп жатқанда ол өзін қалыпты ұстады.

Содан кейін қылмысты қалай жасағанын тізбектеп айтып берді. Оның әрекетінен ешқандай өкінішті көрмедім. Бұл адам емес, аң”,- дейді марқұмның қызы Кристина Тимофеева.

Власкин бұл қылмысқа қарыз үшін барған екен. Оның қолынан көз жұмған 21 жастағы Александр оған компьютерлік ойында 250 мың теңге ұтылып қалып, оны қайтармаған. Сарапшылар оның қылмысқа әдейі барғанын және әр ісіне толық жауап бергенін анықтады.

“Сіз бір бүтіндей бір отбасын қырып салдыңыз. Сот сізге өмір бойына бас бостандығынан айыру түріндегі ең қатаң жазаны қажет деп тапты”,- деді судья Әбсаттар Шахидинов.

Сот үкімін естінен марқұмның туыстары да бұл шешімге разы болды. Енді 27 жастағы Олег Власкин бүкіл өмірін төтенше жағдайдағы колонияда өткізеді.

 

Дерек көз:Stan.kz.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз