Нұр-Сұлтан
Қазір
22
Ертең
20
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Оқытушылар 2000 мен 5000 теңге көлемінде пара алады — сауалнама нәтижесі

381

Жеке кездесу арқылы анонимді түрде өткен сауалнамаға Маңғыстау облысының 2641 студент қатысқан, деп хабарлайды “Ұлт” порталы.

Сауалнама нәтижесі бойынша, кейбірі колледжде дайындық үшін емтихан сұрақтары тегін таратылмайтынын растаса, сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлауға дайын еместері туралы да айтқандар бар.

“Колледжге түсу кезінде пара арқылы грантқа қабылдау бойынша қызмет ұсынылғандығы, сыйақы беруге әдейі жағдай жасайтын оқытушылардың арам пиғылды мінез-құлқының куәсі болғандығы, емтихан кезінде оқытушыларға түскі ас ұйымдастыру фактілерінің орын алғандығы, оқытушылар өздерінің авторлық кітаптарын сатып алуға мәжбүрлеу деректері әлі де болса бар екендігі көрсетілді”, — дейді ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Қайрат Байгебаев.

Сондай-ақ, оқытушылар 2000 мен 5000 теңге көлемінде пара алатындығын, тіпті кейбір мұғалімдердің аты-жөнін ашық жазып көрсеткен студенттер де болды.

Жалпы өңірдегі оқу орындарында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің бар екендігі сауалнама нәтижесінде көрінді.

Сауалнама нәтижесі бойынша кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдарының басшыларына орын алған кемшіліктерді жою бойынша тиісті шаралар алынып, студенттер арасында сыбайлас жемқорлыққа деген «нөлдік» төзімділік сана сезімін қалыптастыру мақсатында «Саналы ұрпақ – жарқын болашақ» жобасы аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды жиі ұйымдастырып тұру қажет екендігі туралы ұсыныс енгізілді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз