Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
16
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Оқушының апат орнында қалдырған хаты миллиондаған адамның жүрегін елжіретті

140

АҚШ-тың Буффало қаласында тұратын Эндрю Сипович автокөлігін үйінің жанынадағы тұраққа қалдырады. 21 жастағы студент қайтып келгенде көлігін біреу соғып, жапырып кеткенін көрген. Бұл туралы ол твиттерде жазды, деп хабарлады L!FE.

Бірақ жігіт көп кешікпей хат тауып алады, онда болған жайттың бәрі баяндалыпты. Тіпті сурет арқылы түсіндірген. Бұл оқиғаның танымал болғаны соншалық, ол жайлы көптеген шетелдік БАҚ жазды.

Эндрю хатты алтыншы сынып оқушысы жазғанын, өкінішке қарай, аты-жөнін көрсетпегенін айтты. Дегенмен ол қыздың арқасында “Форд Мустанг” көлігін кім соғып кеткенін анықтады.

Хабарламада қыз не болғанын толық баяндаған екен. Ол жол-көлік оқиғасына 449 нөмірлі мектеп автобусы кінәлі екенін айтқан.

Жігіттің желідегі жазбасы жылдам таралып, Twitter-де 1,2 миллион лайк жинады. Хатты көрген мұғалімдердің бірі оны кім жазғанын білетінін айтқан. Енді Эндрю мектеп оқушысына алғыс айтуға бармақшы.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз