Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
4
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Оқулықтар тағы да өзгереді

Негізгі өзгеріс 2, 5 және 7-сынып оқулықтарына енгізілген. БҒМ бұған дейін де біраз реформа жасаған. Олардың қатарында сәттісі де, сәтсізі де болды. Дегенмен бұл жолғы үш сыныпқа қатысты 197 оқулықта қандай бір жағдаймен кемшіліктер болатын болса, оған тікелей министрлік жауап беретін болады. Бұл туралы баспасөз мәслихатында Ғылыми практикалық оқу орталығының директоры Кәрімова Бибігүл мәлімдеді.

«Жалпы оқулықтар төрт жылда бір рет өзгертіліп отырады. Олар оқушының жас ерекшеліктерін ескере отырып мемлекеттік стандарттар мен бағдарламаларға толық сай әзірленген оқулықтар. Біз 1 жыл бойы 2, 5 және 7 сынып оқулықтарына сараптама жүргіздік. Ал оқулықтағы қателер немесе талғамға сай емес мәтіндер болса, министрлік жауап береді» – деді директор.

Пәндік комиссия бекіткен кітаптар министрліктердің сайтына бекітілді. Оқушылар, ата-аналар, ғалымдар, жалпы кез келген адам оны көріп, талдап, талқылап, өз ұсыныс- пікірлерін беруге мүмкіндік бар.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз