Нұр-Сұлтан
Қазір
15
Ертең
22
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

ОҚО-дағы оқушыны зорлауға қатысты істі Бас прокуратура өз бақылауына алды

Сондай-ақ, оқиға болған Бәйдібек ауданының прокуроры Әбутәліп Мұстафаев қызметінен шеттетілді.

Еске сала кетсек, Бәйдібек ауданының орталығы Шаян ауылында 8-ші сынып оқушысын зорлады деген күдікпен 21 жастағы жігіт қамауға алынған болатын.

Оқушы қыздың туыстары “полицейлер тиісті шара қолданбады” деп, Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігіне әлеуметтік желі арқылы үндеу жариялаған еді.

«Түлкібас ауданының 1996 жылғы тұрғынының үстінен ҚР ҚК-нің 122-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып жатыр. Сондай-ақ тергеушілер бірнеше сараптама тағайындаған.

Сараптама қорытындысы бойынша нақты процессуалдық шешім қабылданатын болады», – деп мәлім етті облыстық ІІД Баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Қаракөзова.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз