Нұр-Сұлтан
Қазір
-8
Ертең
-14
USD
525
+13.36
EUR
552
+11.86
RUB
4.93
+0.20

ОҚО-да жанармай бекеттері азайып барады. Неге?

277

Мамандар пікірінше, бұл мәселе өңірдегі кәсіпкерліктің өшуіне алып келеді. Жұмыс орындары жаппай жабыла бастайды. Бұл бизнес түрі құрдымға кетуі мүмкін, шағын жанар-жағармай бекеттері жабылып, шетелдіктер жайлап жаулап алады, Қауыпбек Қамбаров.

Оның айтуынша, елімізге жеткізілетін шикізаттың жалпы көлемін жөнге келтіру қолға алынбаса, тоқыраудың ауылы алыс емес. Мұнай өнімдерінің әр облысқа, әр аудан мен ауылға жетуі жеті бақылауда болуы тиіс. Және бұл іс толықтай ашық болуы керек, дейді.

– Жағдай өзгермесе жұмыс орындары жабылады. Баға өседі. Шағын және орта бизнес жойылып кетеді, тек ірі бизнес қана қалады. Министрліктен алған бір жауапта зауыттар өнімді өздері тікелей жібереді деген. Бір зауыт барлық облыстың жанармай бекеттерінің 30%-49% ғана қамтамасыз етеді. Бұлай бола берсе, ажиотаж болады, жағдай ушығады. Шағын бекеттер ірі компаниялардың меншігінде кетеді, дейді ол.

Шенеуніктер шағын және орта бизнесті қылқындырып жатыр

ОҚО-да 560 жанар-жағармай бекеті жұмыс істейді. Оның 80-і ірі компаниялардың меншігінде екен. Соңғы бірнеше жылда 60-тан аса ұсақ бекеттер жұмысын тоқтатыпты. 300-дей жанар-жағар май бекеттеріне жабылу қаупі төнуде.

– Жағдай қиын. Жоғары жақтағылар төменде не болып жатқанын білмейді. Бұл біреулерге тиімді екені түсінікті. Біз импортқа тәуелді елміз. Қазір екі зауыт модернизациядан өтуде. Бәрі шығарылатын өнім көлеміне байланысты. Үш зауыттың жылына қанша өнім шығаратыны белгісіз. Ірі компаниялар қашанда ұтады. Қалғаны көлеңкеде қалуға мәжбүр. Ірі «игроктар» дегенін жасайды. Елбасы нарықтағы баға саясатының жаңа модулін ойлап табуды тапсырған. Біз оны ойлап таптық: ең алдымен мұнай өнімдерінің жалпы көлемін реттеу керек. Қара алтынның қанша тоннасы қайда кетіп жатқанын ел білуге міндетті. Неге бұл мәселенің қолға алынбайтыны бізге беймәлім. Біз қазір министрліктің арқасында өткенге оралып жатырмыз. Тек ірі бизнестің дамуына ғана мүмкіндік жасалған, дейді ОҚО «Жанар-Жағармай» қауымдастығының төрағасы Қайыпбек Қамбаров.

Бұ кісінің сөзінше, үкімет бұл мәселені қолға алса, бензин бағасы түседі. Қазіргі жағдай — шағын және орта бизнесті қасақана тұншықтыру дейді. Қымбат бағалы өнімді алуға мәжбүр болған жанар-жағармай бекеттері тығырықтан шығу үшін бензинді араластырып сатуға дейін баратынын жасырмайды. Бұлай жалғаса берсе, уақыт өте бағасы шарықтап бара жатқан жанармайдың сапасы да жылдан жылға төмендей береді, деп отыр.

Қайыпбек Қамбаров

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз