Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

ОҚО-да «Мектепке жол» жалпы республикалық қайырымдылық акциясы басталды

123

Республикалық «Мектепке жол» акциясына барлық деңгейдегі мекеме басшылары, аудан әкімдері, кәсіпкер азаматтар, мемлекеттік қызметкерлер, үкіметтік емес ұйымдар, аудандық, қалалық білім бөлімдері, сондай-ақ, мектеп басшылары атсалыса алады.

Еске сала кетсек, өткен 2016 жылы осы акцияны өткізу нәтижесінде 18510 балаға материалдық көмек берілген болатын. Оның ішінде, 10096 балаға бюджет қаражаты есебінен, қалған 8414 балаға бюджеттен тыс демеушілер қаражаты есебінен материалдық көмек көрсетілді. Облыс бойынша материалдық көмек алған балаларға жалпы 197 млн 414 мың теңге сома көлемінде қаржы жұмсалды. Оның 134 млн 687 мың теңгесі бюджет есебінен болса, 62 млн 727,9 мың теңге сомасы бюджеттен тыс демеушілер есебінен берілді.

«Мектепке жол» акциясы ұйымдастырылған 9 жыл ішінде республика бойынша 2 млн астам балаға жалпы сомасы 15 млрд теңгенің материалдық көмегі көрсетілді. Жыл сайынғы өткізіліп жатқан осынау шараға демеушілер мен меценаттар тарапынан көрсетілген көмектер мен қолдаулардың үлесі зор.

Дереккөз: baq.kz

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз