Нұр-Сұлтан
Қазір
15
Ертең
10
USD
449
+0.67
EUR
479
+1.25
RUB
4.79
0.00

ОҚО-да екі ауылдың балалары бір-біріне қарсы оқ жаудырды

Құтарыс ауылының 17 жастағы тұрғыны бірден аңшы мылтығынан оқ атып атысты бастап жіберген. Атыс нәтижесінде екі жасөспірім жарақат алады. Бұдан соң бәрі жан-жаққа қаша жөнелген. Жараланғандардың бірі жеңіл, бірі ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілген. Сол күні 17 жастағы бала есін жимастан қайтыс болады.

“Басты айыпталушы – 17 жастағы бала. Оған адам өлтірді деген емес, адам өліміне себепші болған ауыр дене жарақатын салды деген айып тағылуда. Және басқа балаларға да бұзақылық үшін айып тағылды. Екі айға санкция берілген, бірақ заң бойынша олардың барлығы кәмелетке толмағандар болғандықтан кепіл ақы бойынша босатылды. Тексеру жүріп жатыр”, – деп хабарлады Сайрам ауданының тергеу судьясы Салтанат Қабылова.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз