Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы Абай ауылының тұрғындары мен көрші ауылдың тұрғындары арасында атыс болды, – деп хабарлайды Otyrar.kz куәгерлерге сілтеме жасай отырып.
Құқық қорғау органдарының өкілдері бұл мәліметті растады. Төтенше жағдай салдарынан екі адам түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілген.
Атыс шығарғандардың жасы шамамен 25-30-да. Расталмаған мәліметтерге қарағанда, күдіктілер қамауға алынды. Үш адам тергеуге алынды.
Жергілікті тұрғындардың айтуынша, полиция қызметкерлері төтенше жағдай болған жерде күшейтілген режимде тәулік бойы жұмыс істеп жатыр.
Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.
Дерек көз:Tengrinews.kz.