Нұр-Сұлтан
Қазір
20
Ертең
18
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

“Өйтіп көлгірсімеңдер…”. Қарағұсова Білім вице-министрінің өтірігін шығарды

Биыл қаңтар айынан бастап қосымша ақы бірінші, екінші, бесінші және жетінші сынып мұғалімдеріне төленеді.

Ал қыркүйектен бастап – үшінші, алтыншы және сегізінші сыныптар мұғалімдеріне. 2019 жылдың қыркүйегінен бастап – төртінші, тоғызыншы, оныншы сыныптар үшін, 2020 жылдың қыркүйегінен бастап – 11 сыныптар үшін.

 

 

https://kaz.365info.kz/otirik-bari-eks-ministr-kharagysova-zhalakhyga-khatysty-symdykh-malimdeme-zhasady-301102

Мәжіліс депутаты Меруерт Қазбекова 11-сынып мұғалімдері неге тізімнің ең соңында тұрғанына қызығушылық білдірді.

“2016 жылдың 1-қаңтарынан бастап мұғалімдердің жалақысы 29 процентке көбейді, барлық ұстаздар осы үстемақыны алатын болады. Жаңартылған мазмұнға келер болсақ, 2016 жылдан бері мемлекеттік бағдарлама жаңартылған мазмұнға көшу бойынша арнайы кесте құрды. Біз бұл шараға бюджеттің мүмкіндігін ескере отырып бардық”, — деп жауап берді білім вице-министрі Бибігүл Асылова.

Оның айтуынша, мұғалімдер қауымдастығы бұл шаралармен келіскен.

“Олар сіздермен қалайша келіспесін? Бұл мұғалімдер қауымдастығы ғой”, — деп жауап берді Қазбекова.

Мәжіліс депутаты Гүлжан Қарағұсова да әріптесін қолдады.

“Мұны 2004 жылдан бері айтып келемін. Жалақының өскені туралы айтқанда, көлгірсудің қажеті жоқ, біз жалақының бір бөлігі болып табылатын базалық қызметақының өскенін ғана айтамыз. Яғни 29 процент — бұл жалақының емес, қызметақының өсімі. Жалақы құрылымында бұл 29 процент жоқ. Президенттің айтқанын, қалай болса, солай орындаймыз”, — деді Қарағұсова.

https://kaz.365info.kz/bergeli-zhatyrmyz-goj-bilim-vitse-ministri-zhalakhy-turaly-ajtkhan-kharagysovaga-zhauap-berdi-301975

Бұрын Қарағұсова мұғалімдер мен дәрігерлердің жалақысын көтеру туралы мәселені қозғаған еді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз