Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
10
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

«Ойнап жүріп от бастым» — Мадина Оспанова сүйіктісімен айрылысқанын айтты

826

Барлығы актрисаның сүйіктісімен түскен суреттерін желіге жариялауынан басталды. Бұл ретте Мадина оның бетін мұқият жасырып қоятын болған. Ешкім бұған мән бермес те еді, алайда әнші пікір ретінде ТТТ хэштегін көрсетеді, ал бұл танымал әнші Төреғали Төреалімен байланысты екені белгілі.

«Менің 5 жыл бойы кездесіп жүрген жігітім болған. Биыл үйлену тойымызды жоспарлап жүрген болатынбыз. Менің сүйіктімнің инициалдары TT әрпімен басталады. Ер адамдар маған артық жазбасын деп сүйіктімнің суреттерін жарияладым. Төреғали Төреәліге келетін болсақ, мен оны аға, әріптесім ретінде құрметтеймін. Бізді тек қана жұмыс байланыстырды», – деді Мадина Оспанова «Ел аузында» бағдарламасында.

Естеріңізге сала кетейік, Мадина Оспанова «Ұлы дала комедиясы» фильмінде басты кейіпкерді сомдаған болатын. Актриса Төреғали Төреәлінің әйелінің рөлінде танымал болды. Әлеуметтік желілерде жазылушылар дабыл қағып, актрисаға бөтен отбасын бұзбауды сұрады. Алайда, көрермендердің дауы оның жеке өміріне сызат түсірді.

«Мұндай мәлімдемелерден кейін мен жігітімнің алдында, ата-анамның алдында және Төреғали Төреәлінің алдында қатты ұялдым. Мен фильмге дейін ТТТ хештегімен суреттер салып жүргенмін, оларға ешкім назар аудармады. Бірақ біздің кинодағы бірлескен рөлімізден кейін бәрі онымен кездесетінімді болжай бастады. Осы жаңалықтардан кейін сүйіктіммен арамыз суып кетті», – деді актриса.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз