Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
6
USD
427
+1.34
EUR
497
-1.07
RUB
5.53
-0.03

Ойнап жүріп орға түстім. Көрші келіншек “екінші әйелің болайын” дейді

222

Көптен күткен арманымызға жетіп, жаңадан салынған көпқабатты үйден пәтер алдық. Жаңа үй, жаңа көршілер, жаңа таныстар дегендей. Жаңа үйден пәтер алғандар құжаттары қолына тиісімен жапырлап көшіп алды. Біз де соның біріміз. Әйеліміз баламыз үшеуміз топ етіп көшіп бара қалдық. Арада біраз күн өткен соң жаңдан қоныстанған көршілермен де таныс-біліс болып қалдық.

Қазақ емеспіз бе, бір-біріміздің пәтерімізге «қоныс құтты болсын» айтып кіріп шықтық. Бар пәле содан басталды.

Есігіміздің дәл алдындағы пәтерге күйеуі жоқ, балалы келіншек көшіп келіпті. Әйелім қайдан естігенін білмеймін, әлгі көрші келіншек жайында «күйеуімен біраз жыл бұрын ажырасып кетіпті» деп бір өсектің шетін шығарып қойды.

«Е-ее» дедім де қойғанмын. Өйткені қазір кім ажыраспай жатыр? Дәм-тұзы жараспай ажырасып жатқандарға қазіргі заманда таң қалуға болмайды. Сонымен қойшы.

Жаңа үйде жүріп жаттық. Көрші келіншектің баласы мен менің балам шамалас. Бірге ойнайды. Көрші келіншектің сәлемі түзу. Жасы отызға жетпеген. Дене бітімі, түрі бәрі тәуір. Нағыз бабында тұр. Кейде «аға ананы көтерісіп жіберші, мына бір картинаны қағып беріңізші» деп келіп тұрады.
https://kaz.365info.kz/kyjeuimdi-dualap-tastady-ne-istejmin-foto-249662
Әдемі басы бос келіншек қиылып тұрса неге көмектеспеске? Тау қопар десе де қопаруға болады. Сөйтіп жүріп арамызда жұмбақ бір сезім пайда болды. Күніне мен оны, ол мені көрмесек тұра алмайтын халге жеткен сияқтымыз.

Кейде көрші келіншек жөнінде әйеліммен дастархан басында әңгіме болса, қашқақтайтын болдым. Бір нәрсені артық айтып, бүлдіріп аламын ба деп қорқамын.

Әйелімнің бетіне қарай алмай, «сол келіншектен басқа әңгіме құрып қалды ма? Басқа әңгіме айтсаңшы», деп өтірік жаратпаған сыңай танытамын.

Күндіз әйелім жұмыста. Мен болсам үйде отырып, түрлі тапсырыс орындайтын адаммын. Бір сөзбен айтқанда үйде жұмыс істеймін. Ол келіншек те көбінде үйінде жүреді.

Не керек, сөйтіп жүріп арамызда лаулап жанған сезім бір күні төсекке әкеліп тіреді. Аптасына бірер рет төсекте кездесе бастадық. Бірнеше жыл күйеусіз жүргендіктен бе, еркектің құшағын әбден сағынып қалыпты.

Әлде мен ұнадым ба, оңаша кездесе қалсақ, құшағымыз айқаса кететін. Әйелімнің бетіне қараудан қалдым. Оның көзіне бүйтіп шөп саламын деп ешуақытта ойлаған емес едім. Не керек, ақыры бәрі болып қойды.
https://kaz.365info.kz/astanada-zina-or-adamdar-nege-k-p-myna-yz-bireudi-k-jeuimen-zh-redi-eken-226175
Көрші келіншекпен ашыналық қарым-қатынасым күнен-күнге күшейіп бара жатқандай.

Көрші келіншек менің әйеліммен сөйлесе қалса, кейде бір-бірін шәйға шақырып дастархан басында отыра қалса, түк болмағандай отыра береді. Сырға берік жан екен. Оның жанында мен әйелімнің бетіне қарай алмай біртүрлі болып қаламын. Ал әйелім ештеңені сезер емес. Сөйтіп уақыт өтіп жатқан. Өткен аптада көрші келіншек бір сыр ашып,

«мен сенен екіқабатпын» демесі бар ма?! Төбемнен біреу суық су құйып жібергендей болды.

«Қойшы рас па? Бәлкім менен емес, басқа біреуден шығар. Шыныңды айт» деп тарпа бас салдым.

«Сенен басқа ешкіммен жатып жүрген жоқпын. Кеше дәрігерге бардым. Төрт айлық дейді. Сенбесең, кейін ДНК-сын тексерейік. Сенің балаң» деп қарап тұр.

Не істерімді білмей қалдым. Сосын барып, «ақшасын төлейін. Алдырып таста. Менің басыма пәле болып жабысады. Отбасымнен айырылып қаламын» деп тызақтай жөнелдім.

«Мұны маған жоламас бұрын ойлану керек еді. Енді бәрі кеш. Баланы алдырмаймын. Өйткені сен маған ұнайсың. Сенен бала көргім келеді. Мына ұлымның артынан еріп жүрер қарындас, не іні керек. Ақырын жайлап әйеліңе жеткізейік. Білімді, ақылды адам ғой. Айтқанды түсінер. Бәрін кешірер. Ал сен екі үйдің ортасында жүре бересің. Қазір екі әйел алып жатқандар аз ба? Түк етпес» деп көрші келіншек ақылын айтты.

«Сен мені құрттың. Қайдан ғана жолап едім, саған» деп айқайлап бұрылып кеттім.

Ол болса, «бүгін болмаса ертең белгілі болады. Одан да істің басын насырға шаппай тұрып қазір шешіп ал» деп, мені сабырға шақырды. Қолымды сілтеп оның үйінен шығып кеттім.
https://kaz.365info.kz/korshi-ajel-negrmen-ojnas-bolganyna-okinbejdi-286502
Міне, содан бері бір апта болды. Басым қатты.

Не әйелімнің бетіне қарай алмай, не көрші келіншекке нақты жауап бере алмай басым қатып жүр.

Не істейін. Кім қандай ақыл береді. Нәпсіме ие бола алмай, ойнақтап жүріп орға түсті деген осы екен.

Мырза Жомартбек
https://kaz.365info.kz/vypusknojga-akhsha-tap-ajtpese-erkekpen-zhatam-korshinin-khyzy-ne-dejdi-262734

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз