Әлем Димаш Құдайбергенді мойындап, оның ғажап үніне еліткен соң қазақтардың ұлттық музыкасына тереңірек үңіле бастапты.
Димаштың әніне пікір білдіріп жүрген жұрт назарына енді “Күй тартыс” ілінді. Димашқа қалай таң қалса, ұлттық бұл өнер түріне де шетелдіктер тура солай таңдай қағып, ауыз ашып жатыр. Күй тартыс кезіндегі әр домбырашының тапқырлығына тәнті болған шетелдік көрермендер мұқым оркестр дүр еткенде демін ішке тартып, “шалқасынан” түседі. Сондықтан төмендегі видеода оркестр қосылған жерді жіберіп алмауға кеңес береміз.
Бірі:
“Ойбай, мына қазақтар өлтіреді ғой, бұрын қайда жүрген бұлар, неге көрмегенбіз мына ғажапты”
деп таңданысын жасыра алмаса, ал тағы бірі:
“Бұл – тамаша өнерлі ұлт екен, әсіресе музыкаға жан-тәнімен кіріп кететіні сонша бүкіл ұлттың өзі музыка боп жаратылғандай. Олар тұратын мекеннің өзі бір жұмақ шығар, ал олар – періштелер, көру керек екен Қазақстан деген жерді”
https://kaz.365info.kz/mingeni-zhiguli-ishkeni-arakh-karistin-zhigitteri-khazakhstandagy-omirdi-surettedi-video-293694
деп ұмсынады.