Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

«Ойбай, әр балаға 200 мың!». Депутат Назарбаев мектептеріне қатысты шындықты айтты

Оған таңданудың жөні жоқ. Өйткені халық қалаусысы депутаттық мандатқа ие болудан бұрын еңбек жолын қатардағы ұстаздан бастап, мектеп директорына дейін көтерілген. Сондықтан Ирина Владимировна мектеп жұмысымен және мұғалімдердің басындағы қиындықтармен етене таныс.

Халық қалаулысының орынды айтылған пікірін елеусіз қалдыра алмадық, барынша ықшамдап, назарларыңызға ұсынуды жөн көрдік

Сонымен ол не дейді?

Ирина Смирнова

Кеңес мектебі бізге не берді?

– Қазіргі таңда білім саласында басталып кеткен реформаларды тоқтатып, ескі жүйеге қайта оралу мүмкін емес. Қазір біз кеңес заманы кезіндегі білім беру саласының жетістіктері мен кемшіліктері туралы көп айтып жүрміз. Бірақ біз бір нәрсеге назар аудармаймыз – ол кезде ата-ана мен ұстаздар және оқушылар арасындағы қарым-қатынас мүлдем бөлек болатын.

https://kaz.365info.kz/mygalim-direktor-videoga-tysirip-orynbasary-byjirimnen-tepti-video-263519

Ата-ана баласын мектепке алып келіп,

міне баламды сіздерге тапсырдым, не істесеңізде еркіңізде дейтін және оқу-тәрбие ісіне араласпайтын, ал мектеп, өз кезегінде, ата-анаға көп жүгіне бермейтін.

Ал қазіргі жағдай мүлдем бөлек дүние – әр адам өзінің жеке тұлға екенін түсінді, енді оның әр мәселеге өзінің жеке көзқарасы бар. Біз де қоғамға жақсы адамдарды тәрбиелеп, дайындайтын басқа оқыту жүйелері бар екенін түсіндік.

Иә, кеңестік білім жүйесінің баршаға сапалы базалық білім бергенін және соның соның негізінде, білім берудің гуманитарлық және техникалық бағыттарының жақсы дамығанын жоққа шығаруға болмайды.

https://kaz.365info.kz/zhymys-ornynda-zhyrip-ketipti-mygalimderdi-ne-oltirip-zhatyr-306456

Дегенмен бүгін біз қолда бар жетістіктерімізді түгендеп, іріктеуіміз қажет. Сөйтіп,

олардың ішінен қажеттілерін алып, ал өзектілігінен айырылғандарынан арылуымыз керек.

Солардың негізінде қазіргі мектепті өзгертуіміз керек, бұл талқыға жатпайтын дүние, – дейді халық қалаулысы.

Бізге гимназиялар мен лицейлердің қажеті жоқ

Елімізде «Жүз мектеп-жүз аурухана» бағдарламасы әлі толық жүзеге асқан жоқ, бірақ біз бір ғана ел астанасында жаңа 50 мектептің өткір қажеттігін сезіп отырмыз. Бұл көп қаржыны қажет ететін өте өзекті мәселе.

https://kaz.365info.kz/bar-dese-barasyn-deputat-khyl-sekildimiz-degen-mygalimnin-ozine-yrsyp-tastady-303179

Сондықтан қазір біз қомақты қаржыны талап ететін пайдасы шамалы үлкен аумағы бар типтік мектептер салудан бас тартуымыз керек деген пікірдемін. Сондықтан үлкен кешенді мектептер емес,

бастауыш және орталау мектептердің шағын әрі жинақы ғимараттарын салған жөн шығар.

Қазіргі таңда осы мәселені шешудің неғұрлым тиімді жолдары қарастырылуда.

Мен сізге одан да сорақысын айтайын –

бізге гимназиялар мен лицейлердің не қажеті бар, одан да барлық мектептерді жақсы деңгейге көтерген дұрыс шығар?

Неге кейбір балалар қарапайым мектепте оқыса, басқалары мемлекет есебінен артық сағат беретін гимназияда оқуға тиіс?

Неге Назарбаев зияткерлік мектептерінде бір оқушыға мемлекет тарапынан ай сайын 200 мың теңгеден бөлінсе, қарапайым мектептерде небары 17 мың теңге бөлінеді?

https://kaz.365info.kz/yyat-boldy-astanadagy-atakhty-gimnaziyanyn-maskharasy-shykhty-video-261712

Осы элиталық мектептер кімді оқытып, кімді тәрбиелеп жатыр?

Болашақта қазақстандық кадрлар немесе жеткіншектер «Болашақ» стипендиясынан тыс шетелдік оқу орнындарына өз күшімен түсіп, білім алып, сол жақта, яғни олардың білім алуын қаржыландырмаған елдерде қалады. Сонда білім берудің жақсартылған стандарты біз бен сіздің есебіңізден қаржыландырылып жатқаны ма? – дейді сөзін қорытындылаған мәжілісмен Ирина Смирнова.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз