Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
10
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

“Өй, малғұн”. Алдынан өтпек болған жігітті қыздың әкесі пышақтап өлтірді

Сонымен қатар, Такеновтің қылмысын жасыруға қатысты болған Чубаев та екі жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қауіпсіздігі орта деңгейдегі сот-атқару мекемесінде өтейді. Іс материалдары бойынша, Чубаев оқиға орнына Тайкеновтің шақыртуымен келген. Өз өмірі үшін қорыққан ол мүрдені “Қайың тоғайына” апарып тастаған.

Еске салайық, оқиға Қарағандының Пришахтинск ауданында болған.

Қайтыс болған жігіт қыздың әкесімен ішімдік ішіп отырып, одан қызын тұрмысқа беруін сұраған. Қыздың әкесі ұсынысқа келіспеген соң жігіт оны балағаттап, арты жанжалға ұласқан.

Жанжал кезінде ер адам жігітке көптеген пышақ жарақатын салады. Жігіт оқиға орнында көз жұмады. Осыдан кейін сотталушы қылмысын жасыру үшін ұлының досына қоңырау шалып, мүрдені “Қайың тоғайға” апарып тастауды бұйырады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз