Нұр-Сұлтан
Қазір
0
Ертең
6
USD
432
+2.31
EUR
506
+3.43
RUB
5.52
+0.10

Оғыз Доған: “Орамал дауы Түркияны екіге жарды”

315

Алдымен ел арасына жік салды. Бұған дейін бейбіт өмір сүріп келген халықтың «діндарлар» мен «діндар еместер» деп екіге жарды. Арандатты. Алып-қашпа ақпарат таратты…

Айтуынша, содан кейін-ақ ел екіге жарылған. Бір-бірін жөнсіз айыптау,  тырнақ астынан кір іздеу науқаны басталыпты.

«Діндар еместер: «Біз зайырлы мемлекетпіз, араб болғысы келетіндер Арабиясына кетсін!” десе, діндарлар: «Біздің билік дінге қысым көрсетіп жатыр! Оны қолдайтындар дінге қарсы, зұлымдыққа ортақ!” десті.

Мәселе ушыға түсті. Іс насырға шапты. Араздасудың арты жанжалға ұласты. Екіге жарылған жұрт осылайша:  “Мұсылмандар” мен “Мұсылман еместер” (кәпірлер) тұратын қоғамға айналғанын аңғармай қалды»,

– дейді Доған.

Бұл жағдай түріктің екі жарылғанын қаламаған Оғыз Доған сияқты азаматтарға ауыр соққан. Түріктің бір топ ұлтшылдары бұл дауға нүкте қоюға тырысқан екен.

«Мұнымыздан түк шыққан жоқ. Біздер орамал дауынан шыққан мәселенің неге ұласқанын көріп, қан жылап отырған кезде, өзін “діндар” деп атайтын әлдебір “партия” осы дауды өзінің саяси мақсаттары үшін өте тиімді пайдаланып кетті.
Мінекей, екіге бөлінген елдің бір тобын “орамал мәселесін шешеміз!” деп көңілін аулаған бұл партия, 16 жылдан бері мемлекетті басқарып келеді.

Иә, олар орамал проблемасын шынымен де шешті. Бірақ елді екіге жарды. Орамал тағуды қолдағандарды бауырына басты, бұған қарсы шыққандарды қоғамдық-саяси өмірден шеттетіп жіберді», – деді ол бұл орайда.

Ағайынмен араздастық

Қоғамдық өмірден шеттеткені өз алдына, осы даудың кесірінен ағайын-туыстар араздасып, біржолата ат-құйрығын үзіскен кездер де көп болыпты.

Доғанның өз отбасында орамал дауына қатысты түсінбеушіліктер туындап, осы күнге дейін арасынан қыл өтпей келген бауырлар сөзге келіп қалған.

– Ұрыс-керістің арты үнсіздікке ұласты. Үнсіздік соңы ағайын-туыс арасындағы байланыстың үзілуіне алып келді.

Туған-туыс өз алдына, сапарға шыққанда жаныңдағы адаммен ашылып сөйлесуге де қаймығасың. Ұзақ жылдан бері көрмеген ескі үзеңгілесіңді көшеде кездестіріп қалудан да қорқасың. Себебі, оның саяси ұстанымы мен сенің көзқарасың қайшы келуі мүмкін. Жанжалдың көкесі сол арада шығуы ғажап емес.

Түркиядағы қазіргі жағдай осындай. Алла сақтасын, елді азаматтық соғысқа дейін апаратын өте қауіпті жағдай бұл, – дейді ол.

Ал біз ше? 

Орамал дауы бізге де таныс. Жыл сайын мектептер есігін айқара ашқанда дәл осы орамалға, діни киімге қатысты дау шығады. Ата-аналар мен мұғалімдер араздасады. Мұғалімдер: «министрлік бұйрығы бойынша мектепке орамалмен кіруге рұқсат жоқ» десе, ата-аналар: «қызымның орамал таққаны мектепке де, сыныпқа да кедергі келтірмейді» деген уәж айтады.

Қазақстандағы орамал дауы Оғыз Доғанның да құлағына шалыныпты.

«Қазақстанда орын алған орамал дауы менің жүрегімді қатты ауыртты.  Қазақ халқының да Түркия секілді екіге бөлінуінен қорықтым.

Мұндай дауға сырткөз бен іштегі пайдақұмар, таққұмар саясаткерлер араласса бүлдіреді.

«Қазақша қызмет көрсет!». Оғыз Доған «Гелиостағы» әйелмен қырқысып қалды (видео)


Арандатушылар өз мақсатына пайдаланып кетпеу үшін діни қауіпке қарсы не істеу керек? Мұның жолы өте оңай:

1) Бірінші кезекте, халықтың аса діндар емес бөлігі, барлық діндарларды “арабқұл” деп кемсітуді, намысына тиюді қою керек! Діндар басқа, діншіл басқа нәрсе.

Тіпті өзі сенбесе де, сенетіндерді құрметтеу – бұл түркі ата-бабаларымыздың таза жолы. Бұл тиісінше діндарларға да қатысты. Орамал тағуға қарсы тарапты жазғырғанмен мәселе шешілмейді.

2) Екіншіден, шынайы, дұрыс ниеттегі діндарлардың араларына кіріп алған “арабқұлдар” бар екенін мойындау керек. Сондайлардан сақ болған жоқ. Олар қазаққа да, түрікке де жақсылық ойламайды. Өз ұлттық құндылықтарын тастап, басқа ұлттың дәстүріне еліктеу Ханафи-Матуриди жолындағы түркі баласына жараспас.

Қазақ халқы қаймағы бұзылмаған, ұлттық санасы уланбаған, таза халық.

Біз (Түркия) түскен тұзаққа түспейді деп үміттенемін! Қандай наным-сенім иесі болсақ та бірібірімізге түсіністікпен, құрметпен қарайық. Сонда бізді ешкім бөле алмайды, – деп сөзін түйіндепті ол.

«…Жабысып, бәле болды». Оғыз Доған өзінің неге «жүргіш» боп шыққанын айтты

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз