WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақта әлем чемпионы Геннадий Головкин (36-0, 33 КО) АҚШ-та ашық жаттығу өткізді. Онда жерлесіміздің америкалық Дэниэл Джейкобспен кездесуіне дайындығы көрсетілді.

Мәлім болғандай, спарринг-әріптес ретінде Головкин ауыр салмақтағы боксшыларды таңдайды екен.
«Оның соққысы қатты. Бейне бір ауыр салмақтағы боксшы ұрғандай соққы жасай алады. Бұл әзіл емес», – дейді сондай көмекшілерінің бірі.
Головкин рингте бапкері Абел Санчеспен жаттығу жасап, соққысының қаншалықты қуатты екендігін паш етті. Еске сала кетейік, Головкин-Джейкобс кездесуі 18 наурыз күні Нью-Йорктегі Madison Square Garden стадионында өтеді. Жекпе-жекті «Қазақстан» және KazSport арналары трансляциялайды.