Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
15
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

“Оған берер бағам…”. Қайрат Түнтеков Димаш туралы не дейді?

-Бұдан кейін де тоқтамаймыз, алға қойған мақсаттар көп. Үнтаспам бар. Биыл тағы шығаруға тырысамын. Біреуі қазақ тілінде, біреуі ағылшын тілінде.

-Ағылшын тілі демекші. Бір сұхбатыңызда АҚШ-қа кетемін депсіз. 

-АҚШ-қа бару менің кішкентай кезімнен арманым еді. Америка өнердің ордасы ғой. Барлығы сол жақтан шығып жатыр. Мысалы, қарасаңыз, ондағы жұлдыздардың біреуі Британиядан, біреуі Испаниянікі, мысалы, айтайық Энрике Иглисас, Дженифер Лопес, PitBul болса бразилиялық. Америкада солар сияқты әлемге танымал қазақ әншісі шықса деп армандаймын.  Биыл, болмаса келер жылдың басында сонда кетемін деген мақсатым бар.

— Дәл қазір шын талантқа танылуға мүмкіндік көп. Жақында  Димаш мұны дәлелдеген сияқты. Айтпақшы, Димаштың өнеріне қандай баға бересіз?

-Бес деген баға беремін.

-Сіз орындаған  «SOS d’un terrien en detresse» әнін қандай деңгейде алып шықты? Көңіліңіз толды ма?

-Әрине, толды. Неге толмасқа? Қазақстанның атын миллиардтаған адамдарға танытты. Әркімнің өзінің стилі бар ғой. Димаштың да классика жанрына сай өзінің ерекше стилі бар. Ондай стилін қытайлықтар қалай жақсы көріп қалғанын көрдіңіз. Сондықтан кім айтып шықса да, өзіндік стилі болса, қиналмай орындап шығады. Мен мысалы, нота жағынан айырмашылық тапқан жоқпын. Өйткені тура түсіп, тура айтып шықты. Керемет, 5 деген баға беремін.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз