Желіде «Алтын Орда» базары аумағындағы тосқауыл бекеттеріның жанында түсірілген видео жарияланды. Алматы облысының тұрғындары ТЖ режимі тоқталған бірінші күні Алматы қаласының аумағына кіре аламыз деп үміттенсе керек.
Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі бейнероликке қатысты пікір білдірді.
«Бүгін таңертең «Алтын Орда» базарының жанындағы тоқсауыл бекеттерінің жанында біраз адам жиналды. Қоғамдық тәртіп бұзылған жоқ. Адамдарға қала периметрі бойынша 27 тосқауыл бекетінің бұрынғы режимде жұмыс істеп тұрғаны түсіндірілді. Алматы қаласының шекарасы жабық. Қазірде жағдай тұрақты. Азаматтарды тек ресми ақпаратқа сенуге шақырамыз», — деп хабарлады ведомстваның баспасөз қызметі.