Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
2
USD
426
-0.19
EUR
496
-1.93
RUB
6
-0.02

Облыс әкімін алдаған аудан әкімінің не ойлағаны бар?

Агенттік, тіпті, бұл балабақшаның екі жыл бұрын салтанатты ашылу кезіндегі суретін де жария етті.

Мына суреттер дәл осы балабақшаның 2 жыл бұрын ашылғанын айғақтайды.

«Ауданда 558 бала  балабақша кезегінде тұр. Балаларды жаппай бақшамен қамту мақсатында мемлекеттік-жеке меншік серіктестік аясында бір балабақшаның құрылысы басталды, ал «Болашақ» балабақшасы 190 балаға арналған. Балабақшада 58 адам жұмыс істейді», – деген аудандық білім бөлімінің басшысы Рита Басмағамбетова бақшаның бұрын ашылғанын аталған интернет ресурсқа растай алмапты.

Ал жергілікті, республикалық тілшілер осыдан екі жыл бұрын балабақшаның ашылуына қатысып, сол жылдары облыс әкімі болған Архимед Мұхамбетов «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы қолдауымен балабақша пайдалануға берілді» деп ақпарат таратқан екен.

Сонда қалай, Шалқар ауданының әкімі баршаға мәлім жәйтті облыс әкімі білмей қалады деді ме екен?. Ол мүмкін емес секілді. Ендеше, облыс әкімін алдаған аудан әкімінің не ойлағаны бар екен, а?..

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2021 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз