Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
13
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

“Обал-ай”. Қоғамдық жұмысқа жегілген әкім орынбасарын көп мүсіркеп жатыр (фото)

Еске сала кетсек, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ШҚО бойынша департаментінің этика бойынша Кеңесінде Өскемен қаласы әкімінің орынбасары Расул Манаповтың қызметтік көлікті жеке пайдасына жаратқаны туралы шулы оқиға тараған болатын. Қазан айында, жексенбі күні Расул Манапов демалыс базасына өзінің қызметтік көлігімен барып, демалып жүргені белгілі болған. Қала әкімінің орынбасары өзіне тағылған кінәні толық мойындап, «Өскемен тәртіп» кәсіпорнында 20 сағат қоғамдық жұмыс атқаруға міндеттелген еді.

«Қоғамдық жұмысты қала әкімінің орынбасары мемлекеттік қызмет уақытынан тыс атқаратын болады. Бүгін ол «Өскемен Тәртіп» коммуналдық кәсіпорнының бригада құрамында 4 сағат жұмыс істеді. Расул Манапов Республика даңғылындағы субұрқақты қысқы маусымға әзірлеу жұмысына атсалысты», – дейді Әсем Сексенова Фейсбук парақшасында.

Бригадаға жетекшілік етіп жүрген Мақсат Нұрахметов мемлекеттік қызметкердің қоғамдық жұмысқа араласып жүргенін бірінші рет көргенін айтады.

«Қала әкімінің орынбасары бар күшін, ынта-жігерін салып жұмыс атқарды. Жарады!» – дейді Мақсат Нұрахметов.

Айта кетерлігі, бұған қоса Өскемен қаласының әкімі Қуат Тұмабаев қызметтік көлікті жеке пайдасына жаратқаны үшін Расул Манаповқа екі ай бойы қызметтік көлікті пайдалануға тыйым салған болатын. Орынбасар қаңтар айының біріне дейін олжұмысқа қоғамдық көлікпен келетін болады.

Әлеуметтік желі талқысында бұл хабарды талқылағандардың көбісі: “Обал-ай” деп әкім орынбасарын кекетіп мүсіркеп жатыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз