Орталық Африка Республикасында адамдар әкеле жатқан жүк көлігі апатқа ұшырап, 80-ге жуық адам қаза тапты, деп хабарлайды Рейтер дәрігерлерге сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға Бамбари мен Иппа қалаларының аралығында болған, деп жазады ҚазАқпарат.
«Қазіргі уақытта біз 78 адамның мерт болғанын және 72-сінің жараланғанын анықтадық. Зардап шеккендердің бірқатары үйлеріне жеткізілген, бірақ олар артынша қайтыс болды», — деп хабарлады агенттікке Бамбари қаласындағы ауруханалардың бірінің бас дәрігері.