Нұр-Сұлтан
Қазір
19
Ертең
8
USD
421
0.00
EUR
499
0.00
RUB
5.6
0.00

Оқушылар арасында «Ұшталған қалам» байқауы өтіп жатыр

177

12-қазанда осы байқаудың аясында Астана қаласы №53 мектеп-лицейдің 5-сыныптары арасында «Ыбырай Алтынсариннің шығармалары – тәрбиенің алтын діңгегі„ атты жазушы әңгімелері желісінде ұйымдастырылған көріністер сайысы болып өтті деп хабарлады Астана қалалық білім басқармасының әдістемелік кабинеті.

Оның қорытындысы бойынша «Мақта қыз бен мысық» әңгімесін сахналаған 5 «Д» сыныбы І-орынға, «Әке мен бала» әңгімесінен көрініс көрсеткен 5 «А» сыныбы ІІ-орынды, «Асыл шөп» пен «Бақша ағаштары» көрінісі де сәтті шығып, оны сахналаған 5 «Е» және 5 «Г» сыныптары ІІІ-орын алды.

№53 мектеп-лицейдің директоры Қазбек Жәкенұлы жасөспірімдерді көркем әдебиетке баулитын мұндай іс-шараның маңыздылығын ерекше атап өтті.

Еске сала кетелік, Ыбырай Алтынсариннің 175 жылдық мерейтойына арналған «Ұшталған қалам» қашықтықтан өткізілетін байқаудың І кезеңі 26 қыркүйек пен 7-қазан аралығын, ІІ кезеңі 17 және 27-қазан аралығын қамтиды.

 

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз