Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
8
USD
427
0.00
EUR
497
0.00
RUB
6.04
0.00

ОҚО полицейлері ірі көлемдегі героин тәркіледі

ОҚО Ішкі істер департаменті Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы қызметкерлері «Арлан» арнайы жасағы және Төлеби АІІБ-мен бірлесе жүргізген жедел іздестіру жұмыстары кезінде, жедел бақылап сатып алу іс-шарасын өткізгеннен соң, күдікті бір әйел және екі ер азаматты тұтқындады. Күдіктілердің екеуі 62 жастағы азаматша мен оның 40 жастағы баласы бұрын да осындай қылмыспен сотты болғандар.

Күдіктілердің үйіне тінту жүргізу кезінде полицейлер 5 түйін полиэтиленге оралып, жапсырмамен жапсырылған, ішінде ұнтақ тәрізді, сұр-ақ түсті, ерекше иісі бар, “героинге” ұқсас есірткі затын және электрондық таразы тәркіледі.

Сот-криминалды сараптамасының нәтижесінде табылған зат «героин» есірткі заты екені, жалпы салмағы 5 кг асатыны анықталды.
Аталған жайт бойынша ҚР ҚК «Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу» 297-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер УҰИ-на жіберілді. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

5 7 2 3

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2021 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз