Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
18
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Оңтүстік Қазақстан облысында 93 оқушы қыз жүкті болып шықты

«Мұндай проблеманың бар екені жасырын емес. Оған тек мұғалімдер емес, ата-ана да кінәлі.

Биыл біздің өңірде 93 мектеп жасындағы қыз жүкті болған.

Былтырғы жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш төмендеген. Мәселе – өзекті, басты назарда, сондықтан мектептерде жиі мониторинг жүргіземіз. Жүкті болған қыздардың көбі жетім немесе жартылай жетім өскендер. Біз арнайы бағдарлама әзірлеп, оның аясында тәртібі қиын оқушылармен және олардың ата-аналарымен жұмыс істейміз. Әрине, мұғалімдерден бар кінәні алып тастамаймын, бірақ негізінен ата-ана да кінәлі. Өйткені, тәрбиенің көбі солардан келеді», – дейді Қ.Құлажанов.

2015 жылдың шілдесінде ҚР Президенті жанындағы Әйелдер ісі және отбасы-демографиялық саясат ұлттық комиссиясының өкілі Бексұлтан Тұтқышев ОҚО-да 12 жасқа толмаған 300 қыздың жүкті болып қалғанын айтқан еді. Алайда, араға бір күн салып журналистерге сұхбат берген білім басқармасының басшылығы Тұтқышевтің келтірген деректерінің шындыққа жанаспайтынын мәлімдеген.

Осы ретте айта кету керек, былтыр ОҚО-да барлығы 840 жеткіншек қыз жүкті болып қалған. Бұл – еліміздегі ең жоғарғы көрсеткіш.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз