Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
8
USD
422
+0.82
EUR
497
-1.77
RUB
5.53
-0.07

Нью-Йорктегі қазақ полицейі Астанада алғашқы жекпе-жегін өткізетін болды

Біреу білсе, біреу білмес, дәл осы Димаш Ниязов Нью-Йорктің қазақ полициясы деген атпен кеңінен танымал. Мұхиттың арғы жағында тұратын жерлесіміз Димаш Ниязов кәсіпқой рингте 11 кездесу өткізіп үлгерді және барлығында жеңіске жетті. Әсіресе Детройтта болған жекпе-жек көпшіліктің есінде ерекше сақталып қалды. Өйткені ол доминикандық қарсыласын 5-раундта жойқын соққысымен нокаутқа жіберді.

“Бокспен ең алғаш Қазақстанда айналыса бастадым. Бапкерім Нұрғали Сафиуллин болатын. Қазір ол олимпиадалық құраманы дайындайды. Міне, сол іргетастың арқасында бокс әлеміне жақсылап сіңісе алдым. Қазіргі жеңістерімнің барлығын қазақстандық мектеппен және қанда бар қасиетімізбен байланыстырамын”, – дейді Димаш Ниязов.

Димаш АҚШ-та жүргенімен, туған жерімен байланысын ешқашан үзген емес. Үнемі елде қалған туыстары және достарымен хабарласып тұрады. Ал бокс кешіне қатысу мүмкіндігі ашылғанда қуанышында шек болмапты.

“Астанадағы кездесу қыркүйек айында өтеді. Қанат Исламның кездесуі аясында мен де өнер көрсететін болдым. Өте қуаныштымын. Қазір елорда қатты өзгерген. Халықаралық ЕХРО көрмесі өтіп жатыр. Міне, осының аясында мен де қарсыласымды жеңіп, халқыма ерекше әсер сыйлағым келеді”, – дейді ол.

Айта кетейік, Димаш Ниязов Нью-Йоркте тәртіп сақшысы қызметін атқарады және жай ғана полицей емес, бейбіт заманның батыры. Бірнеше рет қауіпті қылмыскерлердің жолын кесіп, арнайы марапат алды.

Дереккөз: stan.kz

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз