Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
-18
USD
500
+0.96
EUR
526
+1.55
RUB
4.62
-0.13

Нью-Йоркте теракт жасаған Саипов кім?

2010 жылы Сайфулло Саипов грин-карт лотереясын жеңіп алып, АҚШ-қа аттанған. Соңғы жылдары АҚШ-та тұрып жатқан өзбекстандық қызбен азаматтық некеде болған. Содан кейін ол Өзбекстанға оралмаған және Ташкенттегі ата-анасын мүлдем көрмеген.

Сайфулло АҚШ-та жүргенде Өзбекстанның дипломатиялық өкілдігіне барып, консулдық тіркеуге тұрмаған.

Ауылдағы көршілері С.Саиповқа мінездеме берді. Олардың айтуынша, Сайфулло ешқандай күдік тудырмаған. Сабырлы және өзгелермен жақсы қарым-қатынаста болған. Үлгілі отбасында тәрбие алған. Оның ата-анасы дәстүрлі исламнан сабақ берген және ешқандай экстремистік ағымдармен байланысы болмаған.

Саипов АҚШ-қа көшкеннен кейін тұйық болып қалған. Сөйтіп радикалды топтардың құрсауына түскен. Бұл туралы АҚШ ақпарат құралдары оның таныстарының сөзіне сілтеме жасап хабарлады.

Айта кетейік, 29 жастағы өзбек Нью-Йоркте теракт жасады. Ол Төменгі Манхэттенде велосипедшілер жүретін жолмен жүк көлігін айдап өткен. Жол бойы алдынан шыққандарды басып, одан соң мектеп автобусына соқтығысқан. Саиповке өлім жазасы кесілуі мүмкін.

Сондай-ақ, осы терактіге қатысы бар тағы бір күдікті анықталды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз