Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
14
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Нұртөре Жүсіп: “Баспана мен демография мәселесін қатар шешудің жолы бар…”

Н.Назарбаевтың осынау бастамасы бүгінде қоғамда қызу талқыланып жатыр. Бір тарап мұны «халықтың баспана мәселесін шеше алады» деп қуанып жатса, екінші тарап 25 жылдық несиенің мерзімі өте ұзақ екенін айтып, көңілдері толмайтынын жеткізуде.

Ал, белгілі журналист, «Айқын» республикалық газетінің бас редакторы Нұртөре Жүсіп болса баспанамен қамтуда отбасындағы балалардың санына мән берілсе екен дейді.

«Елбасының бастамасы дұрыс! Енді осы есепке сәл-пәл түзету жасалса: айталық, 1 бала туғанда 10 пайыз, 2 бала туғанда 20 пайыз, 3 бала туғанда 30 пайыз, 4 бала туғанда 40 пайыз, 5 бала туғанда 50 пайыз, 6-7 бала туғандарға тегін беретін болса! Сонда баспанамен қатар демографиялық мәселе де шешілер еді», – дейді Нұртөре Жүсіп өзінің Facebook-парақшасында.

Айта кетейік, бұған дейін елімізде «Қоджетімді баспана-2020» бағдарламасы жүзеге асқан болатын. Ол қазақстандықтардың баспана мәселесін толықтай шешеді деп жоспарланған. Алайда, 2020 жылға жетпей үкімет бұл бағдарламаны тоқтатып тастады. Қазіргі таңда оның орнын «Нұрлы жер» бағдарламасы басты.

Дереккөз: sn.kz 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз