Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
4
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Нұртас Адамбай Мейіржан мен Дананың кино туындысын арзан фильм деп бағалады

276
Сурет әлеуметтік желіден алынды

Алматыда «Семейные страсти» комедиясының жабық көрсетілімі өтті. Вайн түсірумен айналысатын отбасылық жұп Мейіржан мен Дана өздерінің алғашқы кино-туындысын көрерменге ұсынды. Алайда барлығы бірдей жақсы пікір білдірмеді.

Нұртас Адамбай алғашқылардың бірі болып комедияны тамашалады. Режиссер өтірік мақтауға бой алдырмай, фильмнің бюджеті өте шағын деді. Ол осы арқылы кескін сапасы нашар екенін меңзеді.

«Шынымды айтсам, фильмнің бюджеті айтарлықтай үлкен емес және қымбат техника қолданбағаны да көрініп тұр. Олар киноның сапасына емес, әзілге көбірек көңіл бөлген. Әзілге келгенде бәрі жақсы шыққан деп ойлаймын», — деп жауап берді режиссер ShowNewsKZ бағдарламасына берген сұхбатында.

Кино туындыда қызық қуып бүкіл Қазақстанды шарлап, Каспий теңізінің жағалауына жол тартқан отбасылық жұп туралы суреттеледі. Жол бойында оғаш және күлкілі жағдайларға тап болады.

Фильм 16 күннің ішінде Алматы облысында түсірілген. Туындының жалпы бюджеті 55 млн теңге.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз