Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин Петропавлдағы туристік көрмені аралады

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қазақстан-Ресей Өңіраралық ынтымақтастығының XV форумына қатысу үшін Петропавлға Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев барды. Солтүстік Қазақстан облысына, сондай-ақ РФ Президенті Владимир Путин бастаған делегация сапармен келді.

Мемлекет басшылары барған көрме «Қазақстан мен Ресейдегі туризмді дамытудың жаңа жолдары мен үрдістері» тақырыбында ұйымдастырылды. Күтіліп отырғандай, Мемлекет басшыларының қатысуымен өтетін пленарлық отырыста екі елдің туризмін дамыту мәселелері талқыланбақ.

Форум аясында Қазақстан мен Ресейдің ведомство өкілдері, облыс басшылары туристік саланың әлеуеті жөнінде таныстырылымдар өткізеді. Осыдан кейін қол жеткізілген уағдаластықтар бойынша екіжақты бірқатар құжаттарға қол қойылатыны жоспарланған.

Қазақстан мен Ресейде туризмді дамытуға арналған көрмеге еліміздің барлық өңірі, сондай-ақ көрші мемлекеттік 11 аймағы мен жетекші туроператорлары қатысуда.

Шара барысында бірқатар коммерциялық құжаттарға қол қойылды. Көрмеге Қазақстан мен Ресейден 200-ге жуық журналист келді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз