Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
15
USD
449
+0.08
EUR
478
+1.11
RUB
4.76
-0.01

Нұрсұлтан Назарбаев: латын әліпбиіне көшу Қазақстан үшін теңдессіз оқиға

Ол латын әліпбиіне көшу Қазақстан халқы үшін теңдесі жоқ оқиға деп санауға болатынын айтты.

«Тәуелсіздіктің 26 жылындағы жетістіктерді айта берсең көп. Дегенмен бәрі шоғырланып келгенде біз үш нәрсені айта аламыз. Бірінші, Қазақстан әлем қауымдастығының төрінен орын алған ел болды. Бұл қазақ тарихында бірінші рет болып отыр.

Қазір Қазақстанды білмейтін ел де, жер де жоқ. Басқа елдермен дәрежесі де, терезесі де тең. Қазақ халқы өз ойымен өз санасымен елордасын тігетін жерді таңдап Астананы тұрғызды. Барлық өткен басшыларымыз, хандарымыз осындай қала салу арманына біз жеттік.

Ел шекарасын шегеледік, дәурен салдық, елдің әл-ауқатын көтердік. Ал үшінші ешкімнің ықпалынсыз тәуелсіз, егемен ел ретінде ешкім бізді мәжбүрлемей өз еркімізбен әліпбиімізді, жазуымызды таңдадық», – деді ҚР Президенті.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз