Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
4
USD
443
0.00
EUR
475
0.00
RUB
4.74
0.00

Нұрсұлтан Назарбаев: Қазақстан мен Сербия арасындағы сауда-экономикалық байланысты күшейту қажет

Кездесуден кейін қос елдің мемлекет басшысы БАҚ өкілдеріне біріккен мәлімдеме жасады.

«Менің ресми шақыруымды қабыл алып, Қазақстанға алғаш рет ресми сапармен келген Сербия президенті Александр Вучич мырзаға, делегация мүшелеріне ризашылығымды білдіремін. Жоғары деңгейде өткен бүгінгі келіссөздеріміз табысты болды деп санаймын», – деді Елбасы.

Осы орайда президент Қазақстан мен Сербия арасындағы сауда-экономикалық байланысты күшейту қажет екенін жеткізді.

«Кездесу барысында қос елдің арасындағы көп салалы қарым-қатынастың барлық түкпірлерін аралап шықтық. Біз «оны қалай дамытамыз?» деген сұраққа жауап іздедік. Ең бірінші сауда экономикалық серіктестікке мән бердік. Бұл бағытта бар әлеуетті толық пайдалана алмай жүргеніміз айтылды. Сондай-ақ өзекті халықаралық, өңірлік мәселелерге ерекше көңіл бөлінді», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы қос мемлекет арасындағы байланыс одан әрі нығая түсетінін атап өтті.

«Қазақстан мен Сербия арасындағы ықпалдастықты одан әрі тереңдете түсуге уағдаластық. Оған зор сенім бар», – деді президент.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз