Нұр-Сұлтан
Қазір
6
Ертең
9
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқын толғандыратын мәселелерді атады

143

«Әлеуметтік зерттеу қорытындысы белгіленген алты проблеманың арасында бірінші орында коммуналдық қызметтердің жоғары құны тұрғанын көрсетті», – деді Елбасы.

Мұнымен қоса, Президент қазақстандықтарды толғандыратын мәселелердің ішінде қымбат медициналық қызмет көрсету мен білім беру, сондай-ақ білім саласының сапасы бар екенін атап өтті.

«Осылардың барлығын біз зерделеуіміз керек. Жолдау аясында халықтың әл-ауқатын, ең төменгі еңбекақыны көтеретіндігімізді, тұрғын үй құрылысы тақырыбы, газ тарту бағыты аталып өтті. Осы жұмыстар елдің әл-ауқатын көтеруге негізделіп отыр», – деді Н. Назарбаев.

Бұдан бұрын хабарланғандай, жақында ҚР Бас прокуроры Қайрат Қожамжаров коммуналдық тарифтер саласына жүргізілген тексерудің нәтижесін жариялады. «Астанаэнергосбыт» негізсіз тарифтің арқасында елорда тұрғындарынан 2,6 млрд теңгеге артық қаржы алғаны мәлім болды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз