Нұр-Сұлтан
Қазір
6
Ертең
3
USD
427
+0.53
EUR
494
-0.45
RUB
6.05
-0.09

Нұрсұлтан Назарбаев Есеп комитетінің төрағасын қабылдады

Нұрсұлтан Назарбаев Есеп комитетіне «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» заң нормаларының жүзеге асырылуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Сонымен қатар Қазақстан Президенті бюджет қаражатын тиімді пайдалану ісіне Есеп комитеті тарапынан неғұрлым мұқият бағалау жүргізудің маңыздылығына тоқталып, заң бұзушылыққа жол бермеу үшін жүйелі шаралар қарастыру керек екенін атап өтті.

Мемлекет басшысы Есеп комитетінің өңірдегі тексеру комиссияларының жұмысын үйлестіруде, сондай-ақ олардың қызметін жақсарту жөніндегі әдістемелік және тәжірибелік ұсынымдарды әзірлеу ісінде маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

Кездесу соңында Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының қызметін бұған дейін қабылданған нормативтік құқықтық актілерге және мемлекеттік бағдарламаларға сәйкес жетілдіру жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2021 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз