Нұр-Сұлтан
Қазір
14
Ертең
15
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Нұрсұлтан Назарбаев еліміздегі атышулы жемқорлық оқиғаларға тоқталды

Елбасы өзі үлкен үміт артқан „Болашақ„ степиандаттарының жемқорлық жолына түскені туралы қынжыла айтты.

«Жап-жас, Болашақты бітірген министр өзінің жолдастарымен, достарымен жемқорлық топ құрып ұсталды. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде. Таяуда ғана Геология комитетінде де анықталып отыр. Арнайы комитет құрған едік. Өйткені Қазақстанның жері қол тиместен жатыр. Ашылғандары, бұл шағын ғана бөлігі. Геологтар іздеу жұмыстарымен айналысуы тиіс, сол үшін комитет кұрған едік. Ал аталған комитет және оның басшылығы болашағы бар кен орындарын өздерінің таныстарына таратып бере бастаған.

Біз мына жерде отырып, мұны қарамайды деп ешкім де ойламасын. Мемлекеттік қызметшілерді бақылайтын көз көп.

Адамдар, нанын құрдан бос жеп отырмаған құқық қорғау органдары қарап отыр», – деді ҚР Президенті.

Осы ретте Мемлекет басшысы ұрланған қаржының барлығы мемлекетке қайтарылып,құқық бұзушылықтарға жол бергендердің барлығы жазаланатындығын баса айтты. Сонымен бірге мұндай зұлымдықпен бірлесе күресу қажеттігін атап өтті.

«Мемлекетте ұрлықпен, парақорлықпен бірлесе күреседі. Мәселен, Сингапурда мынадай тәртіп бар:

егер бір бөлімде 10 адам жұмыс істеп, оның бірінің біреуден бір нәрсе алуға ниеті болса, онда оны білгені айтуы тиіс. Егер ол мұны жасамаса, жазаға тартылады.

Бірақ, бұл біз үшін ең соңғы шара», – деді Елбасы.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз