Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
23
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Нұрсұлтан Назарбаев «Astana Hub» жұмысын ресми іске қосты

Шараға ҚР Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев, Эстония Премьер-Министрі Юри Рактас, халықаралық ІТ-қоғамдастығының негізгі өкілдері, технология саласында танылған сарапшылар, кәсіпорын басшылары, технологиялық кәсіпкерлер, сондай-ақ бірқатар елдің мемлекеттік секторларының өкілдері, ғалымдар, цифрлық әзірлемелер саласының мамандары, венчурлық инвесторлар қатысуда.

«Бүгін біз Astana Hub-ты ашып отырмыз. Бұл Қазақстанның цифрлық әлемі үшін ғана емес толықтай алғанда маңызды оқиға саналады.

Барлықтарыңызды инновацияны дамытуға белсенді қатысуға шақырамын және Astana Hub компаниялар үшін әлемдік танымалдыққа ие болу жолындағы трамплинге айналарына сенімдімін.

Біз күш біріктіру арқылы барлық алға қойылған мақсаттарға жедел әрі тиімді қол жеткізе алатындығымызға сенімім мол. Ал мақсат белгілі – қазақстандықтар бүкіл әлемнен артта қалып қоймауы керек», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Нұрсұлтан Назарбаев «Astana Hub» жұмысын ресми іске қосты Елбасы бүгінде Қазақстан посткеңестік елдері ішінде реформалар қарқыны, жан басына шаққандағы экономика көлемі мен дамуы бойынша алдыңғы қатарлы мемлекетке айналғанын баса айтты. Нұрсұлтан Назарбаев «Astana Hub» жұмысын ресми іске қосты Айта кетейік, Astana Hub миссиясы – ел экономикасын нығайту үшін стартап-мәдениетті дамыту және жоғары технологиялық жобаларды қолдау.

Алдағы уақытта технопарк Қазақстан инновациясының экожүйесін дамытудың өзегі әрі локомотивіне айналып, технологиялық бизнесті дамыту үшін халықаралық деңгейде мойындалған хаб болуы қажет. Жалпы Astana Hub 2022 жылға қарай стартап-резиденттерді инвестициялау көрсеткішін 67 млрд теңгеге жеткізуді мақсат етіп отыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз