Мемлекет басшысы Лас-Вегас қаласындағы қанды қырғыннан көз жұмып, зардап шеккендер туралы хабарды қайғыра отырып қабыл алды.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
«Біз бүгіндері қара жамылған АҚШ халқымен біргеміз. Өз атымнан және Қазақстан халқы атынан қаза болғандардың туған-туыстарына, АҚШ-тың бейбіт халқына қайғыра отырып, көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіреміз», – делінеді жеделхатта.