Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
20
USD
440
-0.03
EUR
474
+0.23
RUB
4.76
-0.06

“Нұрлы жол” бағдарламасы шешкен әлеуметтік мәселенің бастысы – жолдар жайы

288

2010 және 2016 жылдар аралығында мемлекеттік бағдарлама бойынша не жасалынды?

– 2010 жылы республикалық маңыздағы жолдың 5 мың шақырымы күрделі жөндеуден өтіп, жаңаланды;

– Нәтижесінде республикалық маңыздағы автокөлік жолының 85 проценті, облыстық және аудандық маңыздағысының 65 проценті жақсарып, көп жұмыс еңсерілді;

– 2015-2016 жылдары «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының арқасында I және II техникалық категориядағы автожолдың 1,3 мың шақырымы қайтадан жөндеуден өтті;

– 2015-2016 жылдары автожолдардың жобасына бюджеттен 616 млрд теңге, сонымен қатар ұлттық қордан 319 млрд теңге бөлінді.

Бұл ақшаға 9 жоба бойынша жолдар жөнделіп, жаңасының құрылысы қолға алынды:

Батыс Европа – Батыс Қытай, Орталық – Оңтүстік, Орталық – Шығыс, Бейнеу – Ақтау, Алматы – Өскемен, Астана – Петропавловск, Жезқазған – Петропавловск, Ақтөбе – Атырау, Орал – Каменка.

2 мың шақырым жолда құрылыс-монтаж жұмыстары жүріп жатты. Батыс Европа – Батыс Қытай транзиттік дәлізінің Астана – Теміртау, Алматы – Қапшағай, Қапшағай – Балпық би, Бейнеу – Шетпе, Көкшетау – Петропавловск учаскелері бойынша қозғалысқа жан бітті.

Одан бөлек, биыл Орталық Азиядағы ең ірі көпірдің құрылысы аяқталды.

Ертістің үстінен салынған көпір Павлодар қаласына дейін 12 шақырымды алып жатыр.

2017 жылы мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру үшін бюджеттен 356,2 млрд теңге, сонымен қатар ұлттық қордан 143,5 млрд теңге бөлінді.

Енді халықаралық транзиттік дәліздің Орталық – Оңтүстік, Орталық – Шығыс, Бейнеу – Ақтау, Ақтөбе – Атырау, Қапшағай – Талдықорған, Астана – Петропавловск, Орал – Каменка жобалары бойынша жұмыстар жалғасуда.

Соңғы 6 ай ішінде бұл жобалар бойынша жылдық жоспардың 32 проценті орындалған екен. Енді 2017 жылдың аяғына дейін бұл жобалар шеңберінде 602 шақырым жолдың құрылысын аяқтау жоспарда тұр, соның ішінде Бейнеу – Ақтау, Алматы – Талдықорған жолдары толық бітуі керек.

Сондай-ақ биыл тағы бірнеше жоба қолға алынды.

Атап айтқанда: 2,5 мың шақырымды алып жатқан Қандыағаш – Мақат, Жетібай – Жаңаөзен, Құртты – Бурылбайтал, Талдықорған – Өскемен, Мерке – Бурылбайтал, Калбатау – Майқапшағай, Үшарал – Достық, Бейнеу – Ақжігіт, Таскескен – Бахты, Осинов асуы, Щучинск – Зеренді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз