Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
10
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Нұрлан Нығматулин Сеулде Еуразия елдері парламенттері жиынында сөз сөйледі

Бұл туралы Baq.kz хабарлады.

Бұл туралы Нұрлан Нығматулин «Еуразия аймағында ортақ мүдделер аясында парламентаралық ынтымақтастыққа ықпал ету» тақырыбында Оңтүстік Кореяның Сеул қаласында өтіп жатқан Еуразия елдері парламенттері төрағаларының екінші жиналысында сөйлеген сөзінде атап өтті.

Мәжіліс cпикерінің пікірінше, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтқан Еуразиялық идея макроаймақтық интеграциялық жобалар түрінде жүзеге асып, іс жүзінде өз тиімділігін дәлелдеді. Олардың қатарында ЕАЭО, АӨСШК және ШЫҰ атауға болады.

Бұл маңызды қадамдар ұлттық экономиканың бәсекеге қабілетін арттыруға, Азияда қауіпсіздіктің перспективалық жүйесін құруға, трансшекаралық байланыстарды дамытуға, сондай-ақ, білім, әлеуметтік, мәдени салаларда өзара тиімді іс-қимылды нығайтуға бағытталған.

Өз сөзінде Мәжіліс төрағасы елімізде жүзеге асырылып жатқан «Нұрлы жол», «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» бағдарламалары жайында да сөз етті.

«Интеграция жолындағы нақты қадамдар – Нұрсұлтан Назарбаевтың еуразиялық жобаларының іс жүзінде орындалуы», – деді Нұрлан Нығматулин.

Осы ретте Мәжіліс төрағасы халықаралық терроризм және лаңкестік, заңсыз көші-қон, ұйымдасқан трансұлттық қылмыс сынды басқа да халықаралық деңгейдегі өзекті сұрақтарға тоқталды.

Мәжілістің баспасөз қызметі мәлім еткендей, аталған маңызды жиынға 27 елдің өкілдері қатысуда.  Жиналыс нәтижесі бойынша қорытынды құжат – Сеул мәлімдемесінде қабылданады деп күтілуде.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз