Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Нұрлан Нығматулин РФ Мемлекеттік думасының төрағасымен келіссөздер жүргізді

Нұрлан Нығматулин Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынас туралы, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей Президенті Владимир Путиннің достық және белсенді өзара іс-қимылына негізделген екі ел арасындағы қарым-қатынастың стратегиялық сипатына тоқталды.

Мәжіліс Төрағасының пікірінше, бұл екі ел президенттерінің келісімдерін заңнамалық тұрғыдан қолдайтын қос мемлекеттің парламентінің жұмысына серпін береді. Нұрлан Нығматулин мен РФ Мемлекеттік Думасының спикері Вячеслав Володин Еуразия елдерінің парламенттері спикерлерінің үшінші жиналысына ұсынылған тақырыптың өзектілігіне назар аударды.

Сонымен қатар, Қазақстан мен Ресей бірыңғай экономикалық кеңістікте орналасқанын алға тарта отырып, экология мен қоршаған ортаны қорғау мәселелерінің маңыздылығын да атап өтті.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз