Нұр-Сұлтан
Қазір
6
Ертең
10
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Нұрлан Нығматулин Мәжілістің жыл бойғы жұмысын қорытындылады

Сондықтан, әрбір ауылға барып, барлық бастамаларды және оларды заң жағынан қолдау жұмыстарын азаматтарға жеткізу, ол – біздің басты міндетіміз. Сол үшін Мәжіліс Бюросының арнайы шешімі қабылданып, депутаттардың аймақтарға сапары жоспарланып отыр» – деді Нұрлан Нығматулин.

Палата төрағасы атап өткендей, Мәжіліс қызметі Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ағымдағы сессияның ашылуында жүктеген міндеттерін заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз етуге бағытталды.

Сессия басында 80 заң жобасы жұмысқа қабылданып, оның 42-сі қаралып, мақұлданған. Оның ішінде 12 заң жобасына депутаттар өздері бастамашы болған. Парламент қабылдаған 27 заңға бүгінде Мемлекет басшысының қолы қойылып, өз күшіне енді.

Ағымдағы сессия жұмысында Мәжіліс төрағасы «2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы», Салық кодексі, Кедендік реттеу, сондай-ақ, Қазақстанның кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер енгізу, Әкімшілік құқық бұзушылық және Ақпарат және коммуникация туралы заңдардың жобалары мен «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодекс жобасы сияқты мақұлданған бірқатар маңызды құжаттарды атап өтті.

Сөз соңында Нұрлан Нығматулин депутаттарды келе жатқан жаңа жыл мерекесімен құттықтап, елімізге тыныштық, әрбір отбасына амандық тіледі.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз