Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
9
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Нұрлан Нығматулин Бүкіләлемдік банк өкілдерін қабылдады

2002 жылдан бері бірлескен экономикалық зерттеулер бағдарламасы қолға алынып келеді. Өткен жылы Қазақстан мен Бүкіләлемдік банк арасында 2012-2017 жылдарға арналған әріптестік Стратегиясы табысты жүзеге асырылған.

Мемлекетіміздің даму бағыты жайлы сөз еткенде Мәжіліс төрағасы қазіргі уақытта Қазақстан Президентінің бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Нұрлы Жол» бағдарламасының маңыздылығына тоқталды. Соның ішінде, әлеуметтік және энергетикалық инфрақұрылымдар, шағын және орта бизнесті дамытуға арналған басқа да ірі жобаларға айрықша назар аударды.

Бүкіәлемдік банк өкілі біздің еліміздің тәуелсіздік жылдарында жеткен жетістіктеріне жоғары баға беріп, аталған Банк үшін Қазақстанмен бірлесе жұмыс жасау мақтаныш екенін жеткізді. Ал, Лилия Бурунчуктың пікірінше, Қазақстан – Бүкіләлемдік банктің Орталық Азиядағы маңызды әріптесі және біздің елмен бірлескен жұмыс ең негізгі бағыттардың бірі. Себебі бұл жерде ірі ауқымды жобалар іске асырылады.

Кездесу барысында парламенттер ықпалдастығы мәселесі де назардын тыс қалған жоқ.

Мәжіліс төрағасының айтуынша, депутаттық корпустың заңнамалық жұмысында Банк мамандарының тәжірибесі мен біліктілігінің де оң әсері бар. Мәселен, ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау шараларын жетілдіру, саланы цифрландыру, сондай-ақ, инновациялық қаржылық тетіктерді енгізу мүмкіндіктері тақырыптарында пікір алмасудың маңыздылығы зор.

 

 

 

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз