Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
8
USD
449
+0.25
EUR
477
-1.21
RUB
4.77
-0.02

Нұрболат Абдуллин: «Джастин Тимберлейк мен үшін ешкім емес»

460

Мәдениет және спорт министрлігі өткізген брифинг барысында Нұрболат Абдуллин Астанадағы гастрольдік сапарда көрсеткен қолдауы үшін Елбасы мен министрлік өкілдеріне алғысын білдірді.

Абдулиннің айтуынша, салалық ведомствоның арқасында қазақстандық тыңдаушыларға қолжетімді бағамен концерт өткізу мүмкін болып отыр.
Осыдан кейін эстрада әншілері неге әлі күнге дейін министрліктің қаржылай қолдауына мұқтаж екенін, тіпті атақ алғысы келетіндер неге көп екеніне жауап берді. Оның айтуынша, қазақстандық әншілердің шетелдіктермен салыстырмау керек.

«Біз өз эстрадамызды насихаттауымыз керек. Бізге олардың мәдениеті қажет емес. Мысалы, Джастин Тимберлейк мен үшін ешкім емес. Бұл басқа елдің әртістері, олар біздің менталитетімізге сәйкес келмейді. Егер олардың тілінде ән айтсақ ешкімді таң қалдырмаймыз», – деді Нұрболат.

Сондай-ақ, әртістер жанкүйерлер үшін орасан зор шоу өткізуге дайын емес екендерін жеткізді, себебі қазақстандық көрермен шетелдік орындаушылар сұрайтын ақшаны шығара алмайды. Сондықтан да кез келген жеке концерт өзін ақтамайды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз