Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
12
USD
481
0.00
EUR
534
0.00
RUB
5.36
0.00

Нұр-Сұлтандық тасымалдаушылар оқушыларды тегін тасығаннан күніне бір миллион жоғалтады

137
Сурет: inastana.kz

Бүгінде біздің жүйемізде 130 мың оқушы тіркелген. Жалпы алғанда, тасымалдаушылар айына 30 млн теңге жоғалтады”- деп жауап берді Бекмырза Игенбердинов.

Бұл шығындардың орнын қалай толтыруға болады деген сұраққа, компания Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігімен келіссөз жүргізіп жатқанын хабарлады.

“Маслихатпен, әкімшілікпен бұл мәселені жеке қарастыратын боламыз, бұл шығындардың орнын толтыру үшін бюджеттің қандай мүмкіндігі бар екенін анықтаймыз”, – деді

Тасымалдаушылар қалай қабылдады

Компания басшысының айтуынша, балаларды тегін тасу туралы мәселе автобус парктерінің өкілдері арасында біраз уақыт бойы талқыланып келеді.

“Біз бұған жоспарлы түрде және байыппен келдік. Ең бастысы, тасымалдаушының кірісі мен шығысының ашықтығын қамтамасыз ету керек. Сараланған тарифті енгізу барысында, біз толығымен жолақысын электронды төлеуге өттік. Бүгінде қолма-қол төлем қабылдайтын автобустар жоқ “, – деп түсіндірді Бекмырза Игенбердинов.

Қазіргі кезде әкімшілік берілген құжаттардың барлығын қарастырып, тасымалдаушылардың шығынының орнын толтыру туралы мәселені шешіп жатыр. Тіпті болмаса, автобус парктерінің санын қысқартуымыз мүмкін.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін қала басшылығы CTS компаниясымен бірігіп, 18 жасқа дейінгі балаларды автобустарда тегін тасымалдау туралы шешім қабылдаған.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз